Кіл мықтылар іріктелді

Наурыз айының 5-7 күндері аралығында Атырау қаласында каратэ-додан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында облыстық чемпионат өтті.

Облыс орталығының үздік спортшыларымен қатар, аудан спортшыларының басын қосқан чемпионатқа барлығы 160 спортшы қатысты. Өзара кіл мықтыларды анықтаған дүбірлі додада «Барыс» спорт клубының жас жеткіншіктері де бақ сынаған болатын. Нәтижесінде жерлестеріміз Ілияс Салауат, Бекарыс Қадірбекұлы, Нұрасыл Мұстахим, Айберен Бекіш, Зарина Құрмет өз салмақ дәрежелерінде жеңіс тұғырына көтерілсе, Шаһкерім Қайреден, Бақдәулет Мағаз, Асылжан Жоламанқызы, Бексұлтан Нұрғуат қола медальды қанағат тұтты.

Ауданымыздың мерейін асырып, бапкері Руслан Торғаевтың сенімін ақтаған спортшыларға әлі талай додалардан жүлдемен оралуларына тілектеспіз!

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT