Кіші аяқдоптан аудан біріншілігі басталды

Бүгін аудан орталығындағы дене шынықтыру кешенінде кіші аяқдоптан аудан біріншілігі басталды.

Түлектердің мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай жыл сайын өткізіліп келген біріншілікті Аққыстау және Абай атындағы орта мектептерін 2002 жылы бітірген түлектері ұйымдастыруда.

Аталған жарыста «Достар-73», «Ардагерлер», «Барыс-74», «Алға-77», «Аққыстау-80», «Сұңқар-83», «Бауырлар», «Құрдастар-86» командалары бақтарын сынайтын болады.

Шараның ашылу салтанатында Мемлекеттік Әнұран жіберіліп, ардагер ұстаз Ерболат Насимуллин сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.

Ал, ардагер спортшы, жарыстың бас төрешісі Талғат Қожасов сайыстың ережесімен таныстырып өтті.

-Бұл жарыс жыл сайын дәстүрлі өткізіліп келеді. Жыл сайын қайталанып жүрген кейбір кемшіліктерді ескеріп және спортшылардың қауіпсіздігі үшін ойын ережесіне аздаған өзгерістер енгіздік,-дейді ол.

Шарада сөз сөйлеген «Барыс» спорт клубының директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Асхат Жұмабеков: -Әлі күнге дейін спортты серік етіп жүрген ардагер ағаларымызға алғысымыз шексіз. Сіздер, кейінгі буынға спорттың жас талғамайтынын насихаттап жүрсіздер. Бұқаралық спортты дамытуға үлес қосатын дәстүрлі дода жалғасын таба берсін. Жарыста шын мықты жеңіске жетсін,-деді.

МВS Capital корпорациясының заң бөлімінің басшысы Аманжол Қабдолов алтын уақыттарын бөліп, қызмет бабымен әр жерде жүрген азаматтардың басын қосып, команда құрап келіп жатқан додаға қатысушыларға алғысын білдірді. Айта кетейік, Асхат Жұмабеков пен Аманжол Қабдолов жарыстың ұйымдастырушылары, мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектер.

Доданың алғашқы ойыны «Ардагерлер» мен «Аққыстау-80» командалары арасында өтті. Тартысты өткен ойында 7:3 есебімен «Ардагерлер» жеңіске жетті.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521