Қос батырға Атырау ат мінгізді

30 қазан күні Атырауға «FIGHT NIGHTS GLOBAL» чемпионы Жалғас Жұмағұлов пен М-1 чемпионы Сергей Морозов келді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2sport2

Қос чемпион «Жайық» спорт кешенінде мұнайлы астанадағы жанкүйерлерімен кездесті. Жүздесу барысында чемиондар атыраулықтардың қонақжайлығына ризашылықтарын білдірді.

sportgimn

2-sport

- Атырауға келген сайын бізді жоғары деңгейде күтіп алады. Бүгінгі кездесуді ұйымдастырып жатқан барша ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Өздеріңіздей бізді қолдайтын ел барда, біздер әрқашан жеңіске жететінімізге сенімдімін, - дейді, Сергей Морозов.

2sport563

Сондай-ақ, кездесу барысында чемпиондар жанкүйерлердің сауалдарына жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

2spr

- Менің FIGHT NIGHTS-пен келісім шартым аяқталды. Ендігі кезекте UFC-ға шығуға жұмыстанып жатырмын. Келесі жылы шығып қалуым мүмкін, - дейді Жалғас Жұмағұлов. Өңірімізге келген қос чемпионына атыраулықтардың атынан ат мінгізді.

2sportg

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 19 қазан күні Сочи қаласында өткен аралас жекпе-жектен ресейлік Әли Багаутиновпен кездесіп, жеңіске жеткен болатын. Осылайша, өзіне тиесілі Fight Nights Global чемпиондық титулын сақтап қалды. Сонымен қатар, 19 қазан күні, Сергей Морозов американдық Джош Реттингхауспен кездесу өткізді. Төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жеткен Сергей М-1 Global титулын қорғап шықты.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT