Әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналду ендігі уақытта Манчестер Юнайтед футбол клубында өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш клубтың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
Португал футболшысы Криштиану Роналдудың туриндік «Ювентус»-тан Манчестер Юнайтедке ауысуы туралы келісімге келген. Бұл туралы ағылшындық футбол клубының ресми сайтында айтылған.
Танымал футболшының «МЮ»-ке оралуы виза рәсімделіп, келісімшарт жасалып, медициналық тексерістен өткен соң болды.
БАҚ-тың мәліметінше, Криштиану Роналдудың ағылшын клубына ауысуы 24 млн фунт стерлингті құрайды. Осыған дейін «Ювентус» клубының бас жаттықтырушысы Массимилиано Аллегри Роналдудың аталған клубтан кететіні туралы хабарлаған болатын. Футболшы клубқа келіп, ойыншылармен қоштасқан.
Бұған дейін Роналдудың ағылшындық басқа клуб «Манчестер Сити»-де өнер көрсетуі туралы айтылған еді, кейін аталған клуб футболшыдан бас тартты.
Айта кетсек, К.Роналду «Манчестер Юнайтед» футбол клубында 2003-2009 жылдары өнер көрсетті. Сол жылдар аралығында ол 292 матч өткізіп, 118 гол соқты. Роналду мүше болған сәтте МЮ құрамасы 3 рет (2007, 2008, 2009) Англия чемпионатында жеңіске жетті. Одан бөлек, 2008 аталған клуб Лигалық чемпионаттың жеңімпазы атанды.
inform.kz