Ұлағатты ұстазға арналды

Өткен бейсенбіде Аққыстау орта мектебінде «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру-даярлық клубының ұйымдастыруымен мектептің дене тәрбиесі пәнінінің мұғалімі, ардагер ұстаз Асқар Молдабаевтың 63 жасқа толу құрметіне орай үстел теннисінен мұғалімдер арасында аудандық ашық турнир өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов ардагердің бала тәрбиесіне қос- қан үлесі, оның ішінде мектеп оқушыларын салауатты өмірге баулу бағытында сіңірген еңбегін ерекше атап, мерейгерге аудан әкімінің Құттықтау хатын табыстады. Одан соң да ұстазға жылы лебізін білдірген Аққыстау ауылдық округі әкімі Ғаділ Боранбаев кезінде өзін түлеткен мұғаліміне алда да жемісті еңбек етуін тіледі. Салтанатқа арнайы келген Аққыстау орта мектебінің 20-сыншы, 23-інші түлектері де Пайғамбар жасына аяқ басқан мұғалімдеріне игі тілектерін білдірді.

Құттықтаудан әріптестер де қалыс қалған жоқ. Кеште ақтарыл-ған ақ тілектер ұстаз мерейін бір көтеріп тастады. Кейінгі жас мұғалімдерге көрген- түйгені мен өмірлік тәжірибесі бар аға буын ұстаздардың еңбегін дәріптеу мақсатында өткізілген жарысқа Атырау қаласынан, аудандағы Х.Наубетов, Ж.Мырзағалиев, Абай атындағы, сондай-ақ, Аққыстау, Өркен орта мектебінің оқытушылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте Атырау қаласы турнир жеңімпазы атанса, 2- орын Аққыстау орта мектебіне бұйырды. Ал, Абай атындағы орта мектеп командасы үшінші орынды қанағат тұтты. Жарыста ерекше көзге түскен спортшылар да ескерусіз қалған жоқ. Олардың ішінде «Жеңіске деген жігері» үшін аталымына Өркен орта мектебі лайық деп танылса, «Үздік техникасы» үшін марапаты атыраулық Мейрамбек Жеңісовке табысталды. Жүлде алған спортшылар арнайы медаль және кубоктармен марапатталды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521