Әлемнің назары Ресейде

Көптен күткен доп додасын қазақстандық жанкүйерлер Qazaqstan және QazSport телеарналарынан көре алады.

Бұл арналар мундиальды елімізде көрсету құқығын иеленген.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді. Дүбірге еуропадан Ресей, Франция, Португалия, Германия, Сербия, Польша, Англия, Испания, Бельгия, Исландия, Швеция, Швейцария, Хорватия және Дания құрамалары қатысады. Оңтүстік Америка құрлығының намысын Аргентина, Бразилия, Колумбия, Перу және Уругвай құрамалары қорғайды. Азиядан әлем біріншілігінде Аустралия, Иран, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея және Жапония құрамалары бақ сынайды. Африка құрылығының намысын Мысыр, Марокко, Нигерия, Тунис және Сенегал құрамалары қорғаса, Солтүстік Америкадан Мексика, Коста-Рика және Панама құрамалары қатысады. Айта кетейік, әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне Исландия мен Панама құрамалары өз тарихтарында бірінші рет шығып отыр. Қалған құрамалар бұған дейін бұл бәсекеде бақ сынаған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT