Ұлттық ойыннан олжалы болды

Ауданның 90 жылдық тойында ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды.

Қазақ күресінен болған бәсекеде А.Зейнолла қарсыластарының бәрінен басым түсіп, бірінші орын (50 мың теңге) иеленді. Ал, А.Есқалиев екінші (30 мың теңге), А.Лесов үшінші (20 мың теңге) орындарды бөлісті.

Қой көтеруден қарсылас шақ келтірмеген А.Өтегенов тігілген қойды қанжығасына байлады. Арқан тартыстан болған тартыста Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұжымы бірінші (50 мың теңге), «АТП» командасы екінші (30 мың теңге), «Тұщықұдық» командасы үшінші (20 мың теңге) орындарды олжалады.

Кір тасын көтеруден Ө.Тілепов жеңімпаз атанса (байрағы - 40 мың теңге), А.Мұханбетов екінші орынды (30 мың теңге) еншіледі. Ал, А.Өтегенов үшінші орынды (20 мың теңге) місе тұтты.

Қол күресінен білекті дегендердің бәрін жеңген Б.Шұғайыпов жеңімпаз танылды (байрағы - 40 мың теңге). Р.Қуанов екінші орынға қол жеткізсе (30 мың теңге), А.Шамаров үшінші орынға (20 мың теңге) тұрақтады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521