Газетіміздің өткен сандарының бірінде мүмкіндіктері шектеулі спортшылар, ағайынды Гүлден, Медет Сұпығалиевтер жайында жарияланған мақаламызда аудандық спорт бөлімі Медетті қол күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ұсынғаны жайында айтып өткен едік.
Бүгін сол ұсыныс құпталып, жерлесіміз халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына қол жеткізді. «Біз - мүгедек емеспіз» дегенді жиі айтатын жігерлі жандардың бұл кезекті жеңістерінің бірі. Естеріңізге сала кетейік, Медет пен Гүлден қазан айының ішінде Түркияда өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды.
Ендеше, мақтаныштарымыздың әлемдік додадан да дара келуін тілейік!