«Мен сізді жақсы көремін». Кішкентай палуандар аналарын құттықтады

«БАРЫС» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының жас шәкірттері Алғыс айту күні аналарына тосынсый жасады.

Ұстаздарының ұйымдастыруымен балғын палуандар кезекті жаттығу сәтінде аналарына ұялы телефон арқылы хабарласып, мерекемен құттықтады. Сәбилік сезімдерін жеткізген бүлдіршіндер өмірге әкелген аналарына шын ризашылықтарын білдіріп, күрес үйірмесіне бергендеріне де алғыстарын айтты.

«Мен сізді жақсы көремін» деп көздері мөлтілдеген болашақ батырларды телефонның арғы жағындағы аналары да емірене құттықтап жатты.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521