Месси чемпион атана ма?

Аргентина құрамасының жанкүйерлері екіұдай сезімде қалды. Егер Ресей-2018 додасында Аргентинаның жұлдызы жарқыраса, Месси құрамададан кетуі мүмкін.

Ал орта жолда сүрінсе ше? «Мұның бәрі біздің қалай ойнайтынымызға байланысты. Үш финалда жеңілген соң, Аргентина баспасөзімен арамыз ушығып кетті. Олардың финалға шығудың маңыздылығы туралы көзқарасы біздікінен мүлде бөлек. Финалға шығу оңай емес, оны бағлай білу керек» деді Месси. Оның айтып тұрғаны мынау: 2014 жылы Аргентина құрамасы әлем чемпионатының финалына шығып, Германиядан жеңілді (0:1). 2015 және 2016 жылдары Америка кубогінің финалдарында ойнап, екеуінде де Чилиден пенальтиден сүрінген болатын. Тіпті 2016 жылғы финалдан кейін Месси құрамадан кеткенін жариялап, жеті апта ешкімге мойын бұрған жоқ. Демек, Аргентина құрамасының жанкүйерлері Месси құрамадан кетсе де, әлем чемпионы атанып бір-ақ кеткенін қалайтын болар. Аргентина сапында Лионель Месси 124 матч өткізіп, 64 гол соқты. Ресей-2018 додасында Аргентина құрамасы (D тобы) Исландия, Нигерия және Хорватия құрамаларымен кездеседі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521