МИЛАН. KAZINFORM — Қазақстан Ұлттық құрамасы спортшыларының XXV қысқы Олимпиада ойындарындағы 19 ақпанда өтетін жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Сағат 15:00
Фристайл-акробатика/іріктеу (ерлер)
Асан Асылхан, Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов.
Сағат 23:00
Мәнерлеп сырғанау/еркін бағдарлама (әйелдер)
Софья Самоделкина
Бұдан бұрын хабарланғандай, шорт-трекші Денис Никиша Олимпиада ойындарының жартылай финалына жолдама алды.



