Мұнайшы Рысгүл жүзуден жүлдегер атанды

Бүгін Атырау қаласында «Ембімұнайгаз» АҚ-ның еңбек ұжымдары арасындағы 2024 жылғы іріктеу спартакиадасы өткен болатын. Оған Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылының тумасы Мұханбетқалиева Рысгүл Бекболқызы әйелдер арасында 50 метр қашықтықта жүзуден қатысып, жүлделі 3-орынға табан тіреді. 

 

Рысгүл Бекболқызы жиырма жылға жуық уақыт бойы мұнай саласында абыройлы еңбек етіп келеді, бүгінде «Қайнармұнайгазда» 4-дәрежелі скважина зерттеу операторы. Белсенді Жанбайлық мұнайшының жалпы жүзу спортымен айналысқанына аз ғана уақыт болған, тіпті, бұл оның алғашқы жарысы. Дегенмен, алғашқы болса да нәтижелі болып, бірден оқ бойы озық үштіктер қатарынан көрінді. Осылайша, хоббиі тек Рысгүлге ғана емес, күллі ауылдастарына әдемі жеңіс сыйлады. Жүлдегер «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры С.Ә.Арыновтың арнайы дипломы мен кубогын иеленіп, медалін тақты. Жанбайлық мұнайшыны бүгінгі жеңісімен құттықтаймыз!

 

Орынгүл МАХМУД

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT