"Мойындау керек, сазайымызды берді". Ресейлік клубтың бапкері "Барыстың" мықтылығын мойындады

"Автомобилист" хоккей клубының бас бапкері Андрей Мартемьянов Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионатының өз мұз айдынындағы матчте "Барыстан" жеңілу себебін түсіндірді.

Ойын кеше Екатеринбургте өтіп, 4:2 есебімен аяқталды.

"Жақсы ойын болды. Қалыпқа кіру қиынға соқты. Ұзақ үзіліс болған еді, ал қарсыласымыз бабында. Екінші шайбаға дейін матч ұнап тұрған. Осыдан кейін романтикалық хоккей басталды, қателесе бастадық, сол үшін сазайымызды берді. Қарсыласты мойындау керек - олар шабуылды бастауда да, аяқтауда да жақсы ойнады. Қазіргі таңда олар бізден мықты" деп келтіреді Мартемьяновтің сөзін "Барыстың" баспасөз қызметі.

vesti.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521