Нұрсәт – әлем чемпионатының жүлдегері

Ресей Федерациясы, Татарстан автономиялық Републикасы, Қазан қаласында 2001-2002 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында белбеу күресінен әлем чемпионаты өткен болатын.

Бұл байрақты бәсекеге Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі 95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Нұрсәт Құттыбаев өнер көрсетті. Жеребе жолдас болды деген осы шығар, Нұрсәт бірінші айналымды қарсылассыз-ақ айналып өтті. Екінші белдесуде Үндістан мемлекетінің палуанымен белдескен ол бұл қарсыласын айқын басымдылықпен жеңіп, ақтық сын үшін айқасқа түсті. Жартылай финалда Ресей мемлекетінің палуанынымен күш сынасқан жерлесіміз технакалық себептерге байланысы ұтылып қалды. Ал, үшінші орын үшін болған кездесуде Өзбекстан мемлекетінің палуанын жеңген Нұрсәт әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

-Нұрсәт - болашағынан үміт күттіретін спортшы. Биыл ол Қызылорда облысында белбеу күресінен өткен ел чемпионатында күміс жүлде иеленген еді. Енді, міне, әлем біріншілігінен жүлде салып отыр. Алдына үлкен мақсат қоя білетін, сол жолда ерінбей еңбектенетін шәкіртім осы бетінен танбаса, әлі талай белестерді бағындырады деген сенімдеміз, - дейді жас палуанның жаттықтырушысы Аманжол Ғалымұлы.

Серікбол БЕРІКБАЙ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521