«Нарын» көкпар командасы ел Кубогінің қола жүлдегері атанды

25 маусым - 2 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көкпардан ересектер арасында «Қазақстан Республикасы көкпар федерациясының кубогі» ашық республикалық турнирі өтті.

Додада атыраулық «Нарын» командасымен қатар еліміздің түкпір-түкпірінен 12 команда сынға түсті. Атыраулықтар іріктеу кезеңінде Алматы командасын 13:1 есебімен және Нұр-Сұлтан командасын 7:4 есебімен ұтты. Дегенмен, жартылай финалдық сында Жамбыл облысының «Әулие-ата» командасы мен бақ сынасып, 7:2 есебімен есе жіберді.

Қола жүлде үшін таласта «Нарын» маңғыстаулық «Адай-Ата» командасын 3:1 есебімен жеңді. Осылайша, Атырау намысын қорғап жүрген «Нарын» көкпар командасы биыл ел чемпионатында да, ел кубогінде де жүлделі үшінші орынға ие болып отыр.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика