Нұррахман - ҚР чемпионатының күміс жүлдегері

Ақпан айының 23-28 күндері аралығында Қостанай қаласына жоспарланған 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы кикбоксингтен ҚР чемпионаты мәресіне жетті.

Аталған байрақты бәсекеге Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі кикбоксинг бөлімінің шәкірті Нұррахман Фархадұлы да қатысып, кіл мықтылар жиылған додада аудан намысын қорғады.

Нәтижесінде, бағы мен бабы келіскен жерлесіміз ақтық сынға дейін өтіп, 27 келі салмақ дәрежесінде ҚР чемпионатының күміс жүлдесін еншіледі.

0772278b-5ae3-4f00-b292-a9552ecd49ed

«Шәкірт жеңіске жетсе - ұстаз еңбегінің жемісі» демекші, бұл жеңісті талантты жастардың талабына қанат бітіріп, ауданда кикбоксинг спортын дамытып жүрген Исатай БЖСМ кикбоксинг бөлімінің жаттықтырушысы Руслан Хисмаевтың өрелі еңбегінің нәтижесі десекте, еш жаңылыспаған болар едік.

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT