Облыстан олжалы оралған құрама

Атырау қаласында жеңіл атлетикадан 16-18 жас мектеп оқушылары арасында ХІІ жазғы облыстық гимназиадасы болып өтті.

Оған Атырау қаласы, Мақат, Индер, Жылыой, Құрманғазы, Исатай аудандары қатысты. Жарыс нәтижесінде ауданымыздың намысын қорғаған команда үшінші орынды иеленді. Сонымен қоса, жекелей сында  Аққыстау орта мектебінің оқушысы Әділбек Нұрхан 400 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болды. Команда құрамында Алмазбек Ғинаят (Исатай орта мектебі), Аққыстау орта мектебінен Нұрхан Әділбек, Бекнұр Салауат, Уалитхан Зұлхарнай, Әсет Жеңіс секілді оқушылар аудан намысын қорғауға үлес қосса, ал команданы Ерлан Кукумов пен Серік Шуренбаев жаттықтырды.

 

Жұлдыз СЕМБИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521