Облыстық сайыстан екінші орын еншіледік

Жақында Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін ҮІ халық спорты ойындарының облыстық кезеңі өтті.

Аталған жарыста 13 спорт түрі бойынша сынға түскен аудан құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жалпы есепте 354 ұпаймен екінші орын иеленді. Атырау қаласы жарыстың көшін бастаса, көршілес Құрманғазы ауданы бізден кейінгі үшінші орынды місе тұтты.

Айта кетейік, спортшыларымыз команда бойынша қазақ күресі мен кір тасын көтеруден бірінші, қол күресі мен жазғы Президенттік көпсайыстан екінші, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, асық ату, воркаут, стритбол, спорттық бағдарлау сынды спорт түрлерінен үшінші орынды еншіледі.

-Төрт жылда бір өтетін бұл халықтық спартакиададада бұрын төртінші орынға тұрақтағанбыз. Бүгін, міне, аудандардың алды болып, жалпы есепте екінші орын алдық. Қыркүйек айының 20 – 25-і күндері аралығында құрамамызды Ақтау қаласында өтетін жарыстың республикалық кезеңі күтіп тұр, - дейді аудандық спорт бөлімінің басшысы Қ.Ибрагимов.

Жерлестеріміздің бұл дүбірден де жеңіспен оралуын тілейміз.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT