Атырау облыстық мәслихат депутаты Әділ Жұбанов Румынияда қол күресінен өткен әлем біріншілігінің чемпиондарын қабылдады.
Қос чемпион - Махамбет ауданының тұрғыны Рахия Молдашева мен исатайлық Алмагүл Қанатованы қабылдауға Әділ Орынбасарұлы басшылық ететін "БатысАльянсСтрой" ЖШС ұжымының мүшелері қатысты.
Емен-жарқын өткен кездесу барысында әлем чемпионы атанған Алмагүл мен Рахия әйел-ана-әже бола жүріп, осындай жетістікке жету жолындағы еңбектері, отбасылық өмірлері, ұрпақ тәрбиесі жайында әңгімелерін өрбітті. Ұжым қызметкерлері де өз кезегінде әйел-аналардың ойға алған мақсатына жету жолында аянбай еткен еңбектің қандай биік нәтижеге жеткізетініне куә болып, кездесу қонақтарын мақтан тұтатындарын айтып, жаңа белестерді бағындыруларына тілектестік білдірді.
Қабылдау соңында ұжым басшысы қонақтарға шынайы алғысын білдіріп, гүл шоқтарын ұсынып, сый-сияпат жасады.
Өз тілшіміз