Олимпиада коронавирус кесірінен шегерілуі мүмкін

Коронавирусқа байланысты өту-өтпеу мәселесі қарастырылып жатқан жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылдың соңына шегерілуі мүмкін, - деп хабарлайды "Чемпионат" порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

"Келісімшарт бойынша Олимпиада ойындары 2020 жылы өту керек. Демек ол шегерілуі мүмкін" дейді Токиодағы Олимпиада және Параолимпиада ойындарының ісі бойынша министр Сэйко Хасимото.

Бүгінде Жапонияда коронавирус жұқтырғандар саны 900-ге жетті. Мұның алдында Токиодағы Олимпиада ойындары көрерменсіз өтуі мүмкін екені айтылған. Балама ретінде Ойындарды телевизиялық режимде трансляциялау қарастырылған.

Жоспарланған уақыт бойынша Олимпиада ойындары 24 шілдеден 9 тамыз аралығы өту керек.

vesti.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT