Олжас Түркістаннан олжалы оралды

Наурыз айының 15-17 күндері аралығында Түркістан қаласында қазақ күресінен «Тайқазан» жүлдесіне арналған республикалық ашық турнир өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін бұл турнирге биыл еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ден астам палуан жиылды. Аталмыш жарыста Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қазақ күресі бөлімінің шәкірті Олжас Сапарғали 82 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жүлделі ІІІ орынды еншіледі.

276128340_1129043604520700_4133452396589883178_n

Бұл жас палуанның алғашқы жетістігі емес. Ол бұған дейін де облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып жүр. Өткен жылдың өзінде ол қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанды. Елдік додадағы оның бұл жеңісі аудан тұрмақ, облыс бойынша соңғы алты жыл көлемінде жаңарып тұрған чемпиондық атақ және оның Х.Ерғалиев ауылынан шыққан тұңғыш ел чемпионы екенін де айта кеткен жөн.

Байрақты бәсекеде ауданымызбен қоса облысымыздың абыройын асқақтатып, жаттықтырушысы Үмбет Мұсағалиевтің сенімін ақтаған жас палуанның алдағы күндерде де спорт саласында нәтижелі жетістіктерге жетуіне тілекшіміз.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT