ОЛЖАСҚА АУЫЛДАСТАРЫ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Грузия мемлекетінің Тиблиси қаласында жастар арасында грузин күресінен (ЧИДАОБА) әлем чемпионаты өтті.

 Дүниежүзілік додада жерлесіміз Олжас  Сапарғали  бақ сынап, қола жүлдесін қанжығаға байлап, елдің абыройын асқақтатты. Жеңіспен оралған қазақстандық палуанымызды Қамысқала ауылының тұрғындары  зор қошемет көрсетіп, жылы қарсы алды.Округ әкімі Р.Тажиденова ауыл халқы атынан  жеңімпазды құттықтап, алғыс хат табыс етті.

olzhas

Әлем чемпионатынан жүлделі орын алған жерлесімізге шаруа қожалығының басшысы Б.Мүтиев тұлпар мінгізді. «Кең пейілді –кемімес» дегендей, жомарттық танытып, кәсіпкер ағамыз елді сүйсіндірді. Тынымсыз жаттығуының нәтижесінде қол жеткізген қазақ баласының еңбекқорлығы мен спортқа деген табандылығы көпке үлгі. Алдағы үлкен додалардан да тек жеңіс күтеміз,Олжас! Жауырының жерге тимесін!   Қанжығаң олжаға тола берсін!

                                                                                                                                                                  Сағыныш Қайыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521