«Оралдан» олжа салды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай қазақ күресінен кіші жасөспірім ұлдар арасында «Орал» спорттық клубының ашық қалалық турнирі өтті.

Аталған жарыста Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балғын палуандары да бақ сынады. Спорт мектебіндегі қазақ күресі бөлімінің жаттықтырушысы Азамат Лесов баптайтын бір топ жас спортшылар бәсекеден байрақты оралды. Атап айтар болсақ, 42 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Дамир Серікболатұлы мен 50 келіде белдескен Арсен Уалижан бірінші орын иеленіп, жеңіс тұғырына көтерілсе, 46 келі салмақта күш сынасқан Мансұр Сырлыбайұлы екінші орынды еншілеп, абыройымызды асырды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521