Қос палуан күміс жүлде иеленді

Қараша айының 1-3-і күндері аралығында Қызылқоға ауданында 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында Қызылқоға ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәлік Сүлейменов атында қазақ күресінен аймақтық ашық турнир өтті.

Аталған жарыста сынға түскен Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Диас Мақсотов 50 келі салмақ дәрежесінде (жаттықтырушысы Үмбет Мусағалиев), Аманқос Ұзақбаев 46 келіде (жаттықтырушысы азамат Лесов) мықтылық танытып, ақтық сынға өтті. Финалдық бәсекеде қарсыластарына жол берген жерлестеріміз үшін еншілеген 2-орындары да аз нәтиже емес. Жас спортшылардың бұған дейінгі жетістіктері де үнемі бізді қуантып келеді. Солардың бірі – Қостанай қаласында 2002-2003-жылы туған ұлдар мен қыздар арасында қазақ күресінен Халык қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атындағы республикалық ашық турнирді атап өтуге болады.

Айта кетейік, аталмыш турнирге Қазақстанның 12 облысынан спортшылар қатысты. Батырға арналған бәсекеде 46 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Диас Мақсотов (жаттықтырушысы Үмбет Мусағалиев) жалпы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетіп, 3-орынды қанжығаға байлаған еді.

С.БЕРІКБАЙ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521