Қос палуанымыз қола жүлде иеленді

27-28-қазан күндері аралығында Семей қаласында ересектер арасында самбо күресінен Қазақстан республикасының кубогі бәсекесі байрағын көтерген болатын.

Еліміздің әр өңірінен мықты деген палуандардың басын қосқан сайыста ауданымыздың атын шығарып жүрген қос спортшы Еркебұлан Қуанғалиев пен Айымгүл Махуова облыс намысын қорғады. Бұған дейін де ірі додалардан жүлдесіз қайтпайтын палуандарымыз бұл жолы да мықтылықтарын таныта білді.

Еркебұлан 57, Айымгүл 48 келі салмақ дәрежесінде бес кездесуден өткізіп, қорытындыда қос спортшымыз да қола медальды қанжыға байлады. Бұл сүйінші хабарды палуандардың жаттықтырушысы Асхат Жұмабеков арқылы естіп білдік. Естеріңізде болса, жақында ғана Еркебұлан Қуанғалиев жастар арасында жауынгерлік самбодан екінші рет ел чемпионы атанған болатын.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521