Қос палуанымыз қуантты

Қыркүйек айының 25-28-і күндері аралығында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында 2001-2002 жылы туылған жасөспірімдер арасында белбеу күресінен Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті.

Ел біріншілігінде Қазақстанның барлық облыстарынынан келген жас палуандар Ресейдің Нижнекамск қаласында өтетін әлем чемпионатына берілетін жолдаманы сарапқа салды. Аталған байрақты бәсекеде Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті 45 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қамысқалалық Диас Мақсотов (жаттықтырушысы Үмбет Мусағалиев) өткізген 4 кездесуінің 3-еуін жеңіспен аяқтап, қола медаль қанжығалады. Ал, +85 келіде 4 белдесу өткізген Нұрсәт Құттыбаев (жаттықтырушысы Аманжол Ғалымұлы) екінші орынға қол жеткізіп, чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.

Спортшыларымыздың алдағы уақытта жеңіс тұғырынан көрінулерін тілейміз!

С.БЕРІКБАЙ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521