Палуандар олжалы оралды

Атырау қаласында самбо күресінен 2001-2003 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен облыс чемпионатында Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшылары бақ сынап, жүлделі орындарға ие болып қайтты.

Олардың ішінде 60 келі салмақта Ақарна Мұханбетова, +87 келіде Нұрсәт Құттыбаев (жаттықтырушылары А.Ғалымұлы), 75 келі салмақ дәрежесінде Әлішер Мағзом (жаттықтырушысы Б.Сабиев) барлық кездесулерін жеңіспен аяқтап, облыс чемпиондары атанды. Ал, 48 келі салмақ дәрежесінде күрескен Қазбек Аңсаған, 52 келіде белдескен Әділжанов Бейбарыс (жаттықтырушылары А.Ғалымұлы) және Гүлжазира Нұрлыбекова (жаттықтырушысы Д.Қадыржан) екінші орындарды еншілесе, 60 келіде Дінмұхаммед Қилымов (жаттықтырушысы А.Ғалымұлы), Бейбарыс Ғалымов (жаттықтырушысы Б.Оралбеков), 65 келі салмақта Гүлжанат Болатова (жаттықтырушысы А.Ғалымұлы), 56 келіде Саябек Ерғалиев (жаттықтырушысы Б.Умирбеков) үшінші орындарды місе тұтты. Жеңімпаз атанған палуандар Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама алды.

Жас спортшыларымыздың алдағы үлкен сыннан да зор жетістікпен оралуын тілейміз.

Серікбол Панабердиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521