Палуандар Павлодарға барады

Облыс орталығында дзюдо күресінен 2003-2004-жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті.

Олыстың барлық аудандарынан жас спортшылар қатысқан бұл біріншілікте жерлестеріміз де жоғары өнер көрсетті. Олардың ішінде Исатай БЖСМ шәкірттері Қайырлы Шаттан мен Ерболат Нұрсәт (бапкері Р.Тәукен), Ерасыл Әнесов (бапкері Б.Хамзин) жеңімпаз атанды. Сондай-ақ осы мектеп тәрбиеленушілері Нұрасыл Әнесов (бапкері Б.Хамзин), Дінмұхаммед Қилымов (бапкері А.Ғалымұлы) екінші орындарды еншілесе, Бексұлтан Талапов пен Алихан Байменов (бапкері Р.Тәукен) және «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру-даярлық клубының шәкірті Сұлтанбек Маратов (бапкері Тұрар Ризуа-нов) үшінші орындарға табан тіреді. Жеңімпаздарымыз алда Павлодар қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында сынға түсетін болады.

Серікбол Панабердиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521