Палуандар құрамасы үшінші орынмен оралды

Маусым айының 13-17-сі күндері аралығында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында қазақ күресінен 2004-2005, 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бисенқұлы Темірxанды еске алуға арналған 1-республикалық ашық турнир өтті.

Аталмыш жарысқа Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстары, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және Маңғыстау облысының барлық аудандары қатысып, 400-ге жуық палуан бақтарын сынады. Бұл жарыста Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шакірттері де сынға түсіп, үлкен нәтижеге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, Аманқос Ұзақбаев (55 келіде), Абзал Айбек (32 келіде), Дамир Серікболатұлы (46 келіде), Олжас Сапаргали (60 келіде) 3-орындарды иеленді. Ал, Қадыржан Мұxаммедали (32 келіде) 2-орынға қол жеткізсе, Уалижан Арсен (55 келіде) жарыс жеңімпазы атанды.

Спортшылардың жаттықтырушылары - Үмбет Мұсағалиев, Азамат Лесов, Даулет Қадыржан.

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша Исатай БЖСМ командасы командалық есепте 3-орынды иеленді. Бұл құрамамыз үшін - үлкен жетістік.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика