Палуандар - жүлдегерлер сапында

Қараша айының 20-22 күндері Тараз қаласында 2000-2001 жылы туған жастар арасында жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Оған еліміздің әр өңірінен 180-ге жуық спортшы келіп, бақ сынасты. Олардың қатарында облысымыздың намысын қорғаған исатайлық палуандар Ұлан Әділжанов пен Дулат Ерболат та бар.

4

Байрақты бәсекеде 58 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз Ұлан Әділжанов алғашқы кездесулерінде алматылық қос палуанды айқын басымдылықпен жеңіп, жартылай финалда атыраулық палуанға есе жіберіп алды. Сондай-ақ 64 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан Дулат Ерболат та алғашқы кездесулерін сәтті аяқтап, жартылай финалда қостанайлық палуанға жол берді. Осылайша, екі күнге созылған байрақты бәсекеде жерлестеріміз өз салмақ дәрежелерінде ІІІ орынды иеленіп, Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегерлері сапынан көрінді.

Жеңіс құтты болсын жерлестер!

 Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521