Палуандарымыз ҚР чемпионатына барады

12-13 наурыз күндері Атырау қаласында самбо күресінен облыстық іріктеу біріншілігі өтті.

2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы біріншілікке қала мен аудандарды қоса алғанда барлығы 60-қа жуық жас палуан қатысты.

Боз кілемде белдесіп, өзара мықтыларды анықтаған бұл сында аудан спортшылары да жүлдесіз қалмады. Нақтырақ айтқанда, 71 келі салмақ дәрежесінде Аманқос Ұзақбаев және 64 келіде Бейбарыс Әділжанов біріншіліктің жеңімпазы атанса, 46 келіде Абзал Айбек екінші орынға, 71 келіде Нұрберген Ғибрат үшінші орынға табан тіреді.

Осылайша жеңіс тұғырынан көрінген қос жерлесіміз сәуір айының 1-3 күндері аралығында Талдықорған қаласында өтетін ҚР чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Спортшыларымыздың жаттықтырушылары Аманжол Ғалымұлы, Эльдар Сатанов, Азамат Лесов және Дәулет Қадыржан екенін де айта кеткен жөн.

 Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT