Пара-армрестлинг: атыраулықтар әлемдік додада топ жарды

Атырау облысының әкімінің орынбасары Марат Мурзиев Алматы қаласында өткен пара-армрестлингтен Әлем чемпионатында жеңіске жеткен атыраулық спортшылар мен жаттықтырушыларды қабылдады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Аталған іс-шараға облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дастанбек Қоспанов, облыстық Мүгедектер  спорттық клубының директоры Аманбай Қыздарбаев, жаттықтырушы Рүстем Құрманов, пара-армрестлингтен Әлем чемпионатының жүлдегерлері Нұрым Аманов, Асылан Қайрушев, Бекзат Рахымжанов қатысты. 

Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев жүлдегерлерге облыс әкімінің арнайы алғыс хатын табыс етті.    

Армрестлинг олимпиадалық спорт түрінде болмағанымен, бұл спорт түрінің жоғарғы шыңы - әлем чемпионаты. Сіздер осы додада жүлдегер атандыңыздар. Бұл жетістіктеріңіз Атыраудың ғана емес, еліміздің мерейі. Ерен еңбек пен таймас мінез көрсете отырып, әлі талай асудан асыңыздар. Осындай дәрежеге жеткізген жаттықтырушыларыңызға алғысым шексіз. Сіздерге қарап, қала жастары бой түзейтін болады,- деді М.Мурзиев.

Айта кетейік, Нұрым Аманов пара-армрестлингтен ересектер арасында өткен сайыста оң қол күресінен әлем чемпионы атанса, Бекзат Рахымжанов екінші орын, Асылан Қайрушев қола жүлдегер атанды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521