Әйгілі бразилиялық футболшы Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) әлем чемпионатына болжам жасады.
Ол бұл додада отандастарын басты фаворит санайды. Футбол патшасы Бразилия құрамасына зор сенім артады. Ол бас жаттықтырушы Титенің жоспары мен қазіргі ойыншылардың бабына күмән келтірмейді. - Кім Бразилия құрамасына сенім артса, демек фаворит деп есептейді. Біздің жеңіске жетуімізге мүмкіндік бар. Соңғы әлем чемпионатында бізде мықты ойыншылар болды. Тек команда дұрыс жасақталмады. Қазір Тите (Бразилия құрамасының бас жаттықтырушысы) барлығын түзеді. Сенім артуға лайық, - деді Пеле L'Equipe басылымына берген сұқбатында. Бразилия әлем чемпионатының топтық кезеңінде Швейцария, Коста-Рика және Сербия құрамаларымен ойнайды.