Қамысқалалықтар ел чемпионатынан күміс медальмен оралды

13-16 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында армрестрингтен (қол күресі) Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын.

Ел біріншілігіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен барлығы 120 спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде Исатай ауданының Х.Ерғалиев ауылынан қос бірдей спортшылары өнер көрсетіп, екеуі де кіл мықтының арасынан жүлделі орындарға қол жеткізді. Атап айтар болсақ, 60 келі салмақ дәрежесінде мықтылық танытқан Мирас Хайрошев және 90 келіде топ жарған Аслан Қайрушев II орынды еншілеп, елдік додада аудан абыройын асырды.

Енді қос мықты Азия чемпионатында бақ сынайды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521