Қазақ спортшысы жартылай финалға жолдама алды

Бокстан Қазақстан командасының тағы бір өкілі жартылай финалға шықты.

Ширек финалда Сәкен Бибосынов испаниялық Габриэль Эскобармен кездескен болатын.

Өте тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, жүлдегерлер қатарына ілікті.

Бұған дейін ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаевтың жартылай финалға өткенін хабарлағанбыз.


ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT