Қазақстандық балуан Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Нұрислам Санаев еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық балуан жартылай финалда Болгария өкілі Георгий Вангеловпен белдескен болатын. Жекпе-жек Санаевтың басымдығымен өтіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Нұрислам өз мансабында алғаш рет Олимпиада жүлдесін иеленіп, қола жүлдегер атанып отыр.

Айта кетелік, қазақстандық еркін күрес шеберлері 2012 жылғы Ақжүрек Таңатаровтың қола медалінен кейін Олимпиададан жүлде алған жоқ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT