Қазақстандық боксшы ширек финалдан сүрінбей өтті

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға өтті.

Аса ауыр салмақта сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовпен кездесіп, жеңіске жетті. 

Ол қарсыласын 4:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Бірінші және екінші раундта төрешілер жеңісті Қамшыбекке берсе, үшінші раундта Иван Верясовтың белсенділігі есепке алынды. 

Жартылай финалда Қамшыбек Қоңқабаев американдық Ричард Торреспен кездеседі.

Айта кетейік, бүгін 75 келі салмақта өнер көрсеткен Әбілхан Аманқұл бразилиялық қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT