Гамбургтегі (Германия) Universum gym аренасында бокс кеші өтті.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық ауыр салмақтағы (90,7 кг-нан астам) Жан Кособуцкий АҚШ-тың 14 дүркін чемпионы Джоуи Давейкомен қолғап түйістірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Ауыр салмақтағы он екі раундтық жекпе-жекте Кособуцкийге тиесілі WBA International нұсқасы бойынша чемпионның белбеуі болды.
Қазақстандық спортшы екінші раундта мерзімінен бұрын нокаутпен жеңіске жетті. Бұл қазақстандық кәсіпқой боксшының рингтегі қатарынан 16-шы жеңіс.
Джоуи Давейко тоғызыншы жеңіліске ұшырады.
baq.kz