Еншімізде - төрт жүлде

Наурыз айының 11-13 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында джиу-джитсудан республикалық турнир өтті.

Байрақты бәсеке джиу-джитсу спортының 30 жылдығына орай қолға алынды. Оған еліміздің әр өңірінен 6-18 жас аралығындағы 250-ге жуық спортшы ұлдар мен қыздар қатысып, бақтарын сынады.

Аталған сында облыс құрамасының сапында өнер көрсеткен Исатай БЖСМ джиу-джитсу бөлімінің шәкірттері нәтижелі орындарға қол жеткізді. Атап айтқанда, +66 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеген Құдірет Нұрғалиұлы бұл турнирде жеңіс тұғырына көтерілсе, 45 келіде Дархан Мұхсимат және 52 келіде Асылзат Нұрланқызы күміс жүлдені, 60 келіде Нұртілек Шұғыпан қола жүлдені қанжығаға байлады.

- Турнир өте тартысты өтті. Қай өңірдің спортшыларын алсақ та, бәрінің де жеңіс үшін келетіні белгілі. Бірақ ең алдымен бәрі баққа байланысты. «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» деген сөзі бар қазақтың. Айтқым келгені, бұл сында шәкірттерімнің басым бөлігінің бабы мен бағы қатар шапты. Нәтиже жаман емес. Қоржынымыз алтын, қос күміс және қола медальмен толықты. Шәкірттерімнің алда әлі талай жеңісіне, талай жетістігіне куә болатыныма сенемін. Ең бастысы, жаттығуды тоқтатпаймыз, бұдан да биік белестерді бағындыруға жұмыстанамыз, - дейді Исатай БЖСМ джиу-джитсу бөлімінің жаттықтырушысы Нұрсұлтан Абдеш.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT