Қос команда жеңіс тұғырынан көрінді

Қараша айының 19-21 күндері аралығында мектеп оқушылары арасында шахматтан облыстық Ұлттық мектеп лигасы өтті.

Мектеп оқушыларының шахматқа қызығушылығын оятып, ойынға деген шеберлігін шыңдау, бос уақыттарын тиімді пайдалануға дағдыландыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен жарысқа 5-6 және 9-11 сыныптар арасынан облысымыздың барлық аудандарынан 12 команда қатысты.

a

Ауданымыздың намысын қорғаған Ю.Гагарин атындағы орта мектептің 5-6 сынып оқушыларының командасы 1 орын және Х.Нәубетов атындағы орта мектептің 9-11 сынып оқушыларынан құралған команда да 1 орынға лайықты деп танылды. ІІ, ІІІ орындарға Құрманғазы мен Индер аудандарының командалары жайғасты.

Айта кетейік, аудан намысын қорғаған спортшыларымыз «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірттері. Олардың бапкерлері Махамбет Ахметқалиев, Орынгүл Санатова, Мейрамгүл Масалова, Зульфия Жұмабаевалар екенін де айта кеткен жөн.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521