Қос палуанымыз Қазақстан чемпионы атанды

Тамыз айының 2-4-і күндері аралығында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында жауынгерлік самбодан 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

Осы сында облыс құрамасы сапында «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының директоры Асхат Жұмабековтің үш бірдей шәкірті қатысып, екі алтын, бір қола медальға қол жеткізіп, абыройымызды асқақтатты. Атап айтар болсақ, - «Барыс» спорт клубының спорт нұсқаушысы Еркебұлан Қуанғалиев 52 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, осымен үшінші мәрте Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар, 68 келіде барлық қарсыластарынан басым түскен Ерасыл Жомартұлы жарыс жеңімпазы атанып, Қазақстан Республикасының спорт шебері атанды. Сондай-ақ, тағы бір палуанымыз Серікқали Ерасыл 52 келі салмақта қола жүлдегер атанды.

Осы жарыс бітісімен Самбо күресінен ересектер арасында Ақтау кубогі үшін VI халықаралық турнир туын көтерді. Бұл жарыстың ерекшелігі жеңімпаз атанғандарға ҚР спорт шебері атағы беріледі. Бұл сында бірінші рет Қазақстан Республикасы жасөспірімдері құрамасының мүшесі «Барыс» спорт клубының түлегі Абылайхан Мейрамбекұлы (жаттықтырушылары Асхат Жұмабеков, Равиль Тәукен) 52 келі салмақта бағын сынап, жарыс қорытындысы бойынша қола медальға қолы жетті. Бұл - Абылайхан үшін үлкен жетістік.

Айта кетейік, ел чемпионатында ауданымыздың қос бірдей палуанының топ жарып, чемпион атануы - алғаш рет кездесіп отырған қуанышты жағдай. Спортшыларымыздың жеңісті жолы жалғасты болғай.

Серікбол БЕРІКБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521