Қостанайдан - қос жүлде

Тамыз айының 19-21 күндері Қостанай облысында джиу-джитсудан жасөспірімдер арасында «Aby Dhabi AJP tour» Халықаралық турнирі болып өтті.

Оған елімізбен қоса, шет мемлекеттерден барлығы 200-ге тарта балуандар қатысып, бақ сынады. Екі күнге созылған тартысты турнир исатайлықтар үшін нәтижелі болды. Олай дейтін себебіміз, байрақты бәсекеде белдескен Исатай БЖСМ джиу-джитсу бөлімінің шәкірттері аудан спортының қоржынына бір күміс және бір қола медальді салды.

49953fbc-c96a-49be-9013-ab0e4b82fd88

Нақтырақ айтқанда, 50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Шыңғысхан Жұмабай ақтық сынға дейін сүрінбей өтіп күміс жүлдені еншілесе, 78 келіде Құдырет Нұрғалиұлы қола медальді қанжығаға байлады.

6057d3ef-db0b-49e1-b41d-3aaec66ad909

- Әр жетістіктің артында тыңғылықты дайындық пен қажырлы еңбек тұрары сөзсіз. Біз бұл жарысқа қажетті деңгейде дайындалдық. Турнирдің деңгейі халықаралық болғандықтан мұнда үздік үштікке ілігудің өзі зор жетістік. Алла сәтін салса, бұдан да биік белестерді бағындыру жоспарымызда бар, - дейді балуандардың бапкері Нұрсұлтан Абдеш.

Иә, жерлестеріміз байрақты бәсекелерде туған жердің атын шығарып жатса, ол тілеулерін тілеген әр ауылдас үшін де зор қуаныш екені даусыз.

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521