ҚР чемпионаты: Еншімізде бір күміс, бір қола

Тамыз айының 17-18 күндері Талдықорған қаласында жауынгерлік самбодан жастар арасында ҚР чемпионаты өтті.

Әр өңірдің үздіктері бас қосқан байрақты бәсекеде Исатай ауданы, «Барыс»спорт клубының түлектері де бақ сынап, алдыңғы қатардан көрінді. Атап айтқанда, 58 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, өз тобында 4 кездесу өткізген Абылайхан Мейрамбекұлы қола жүлдені иеленсе, 64 келіде 5 кездесу өткізген Дулат Ерболат күміс жүлдеге қол жеткізіп, облысымыздың мерейін асырды. Ел чемпионаты болғандықтан турнирден сүрінбей өткендер әлем біріншілігінде бақ сынауға мүмкіндік алады. Сондықтан елдік додаға тек сайдың тасындай кіл мықтылардың жиылады десек, солардың арасынан іріктеліп, үздік үштікке ілігудің өзі де орны бір төбе жетістік десек артық айтқандық болмас еді.

Қос балуанның алғашқы бапкерлері «Барыс» спорт клубының директоры Асхат Жұмабеков және аталған спорт клубы дзюдо бөлімінің жаттықтырушысы Равиль Таукен екенін де айта кеткен жөн.

Жасынан спортты жандарына серік етіп, көп жасқа үлгі болған қос балуанның әлі де бағындырар белестері көп болғай!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз