Қыздарымыз жарап тұр

Күні кеше қыздарымыздың баскетболдан жүлде алғанын жазып едік, енді волейболдан да жақсы хабар келіп жетті.

Жаңа аптаның сейсенбі, сәрсенбі күндері Атырау қаласында жасөспірім қыздар арасында волейболдан қалалық ашық біріншілік өтті. Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып орайластырылған спорттық жарысқа барлығы 6 команда қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін жасады. Бұл қатарда Исатай БЖСМ волейбол бөлімінің қыздар құрамасы да бар. Екі күнге созылған біріншіліктің нәтижесінде Атырау қаласы №3 БЖСМ-нің командасы жеңімпаз атанса, аудан құрамасы екінші орынға табан тіреді. Ал, үздік үштікті Атырау қаласының командасы тәмамдады.

Исатай БЖСМ волейбол бөлімінің жаттықтырушысы Мейрамгүл Масалова жетекшілік ететін қыздар командасының күні бүгінге дейін де аудандық, облыстық жарыстарда топ жарып жүргенін айта кеткен абзал.

Жүлде құтты болсын, жерлестер!

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT