Расул мен Ерасыл ел чемпионатында күміс медальға қол жеткізді

Қарағанды облысы, Теміртау қаласында жастар арасында жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

Еліміздің барлық аймағынан кіл мықтылар жиылған бәсекеде ауданымыздан 68 келі салмақ дәрежесінде Ерасыл Жомартұлы мен 90 келіде Тәукен Расул (жаттықтырушылары Асхат Жұмабеков) сынға түсіп, қос палуанымыз да ел біріншілігінің күміс жүлдегерлері атанды.

– Расул төрт, Ерасыл бес кездесу өткізді. Сондай-ақ бұл сында Тәукен Расулдың Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындағанын да атап өткеніміз жөн, - дейді палуандарымыздың жаттықтырушысы Асхат Жұмабеков.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT