Ресейден олжалы қайтқан спортшылар

3-5 маусым күндері аралығында Ресей федерациясының Пенза қаласында дзюдодан КСРО спорт шебері Вячеслав Барашкинді еске алуға арналған 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында Халықаралық турнир өтті. 

Турнирге Қазақстан және Ресейдің барлық қалаларынан 500-ден астам спортшы қатысып, бақ сынады.

Жарысқа Эльдар Сатанов, Тұрар Ризуанов бапкерлер дайындаған «Барыс балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының" шәкірттері қатысып нәтижесінде, Ю.Гагарин орта мектебінің оқушысы Інжу Жұмажан 40 келі салмақ дәрежесі бойынша І орынды иеленсе, Ж.Мырзағалиев орта мектебінің спортшысы Анель Серікқали  52 келі салмақ дәрежесі бойынша ІІ орынға қол жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT