Ресей келесі айналымда Египет еліне кетеді

Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының «А» тобында өнер көрсететін  Ресей құрамасы  алғаш болып әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Алғашқы кездесуді Сауд Арабиясы құрамасымен өткізген ресейліктер чемпионатты ірі жеңіспен бастаған болатын. Қонақтар қақпасына жауапсыз 5 доп соққан оларды әйгілі Мухаммед Салах бастаған Мысыр  командасы күтіп тұр еді. Алайда орыстарға Египет құрамасы да бұйым болмады.
Кездесу алаң иелерінің жылдам шабуылдарымен басталса да, ойындағы 4 гол екінші таймда соғылды. Бұл ойында негізгі құрамға шығуы белгісіз болған Роман Зобнин 47-минутта Египеттің капитаны Ахмед Фатхиді қателесуге мәжбүр етті. Ресейліктің соққысына қайтаруға ұмтылған Фатхи допты өз қақпасына енгізіп алды.

59-минутта Денис Черышев әлем чемпионатындағы үшінші голын соқты. Осылайша, ол Криштиану Роналдумен теңесті.

Араға 3 минут сала Артем Дзюба есепті 3:0-ге жеткізді. Дзюба өзінің әлем чемпионатындағы екінші голына ие болды. 73-минутта Ресей ойыншысы Р.Зобнин өз айып алаңында Салахты шалып жығып, төреші 11 метрлік айып добын белгіледі. Мұхаммед Салах 11 метрлік айып добынан гол соқты. Екі ойын қорытындысы бойынша Ресей құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты.

 Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521