Республикалық турнирден - қос жүлде

Қараша айының 22-24 күндері аралығында Атырауда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ҚР құрметті спорт қайраткері Асан Сайынұлының жүлдесіне арналған дзюдодан республикалық турнир өтті.

2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен турнирге Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Алматы және Атырау облыстарынан барлығы 200-ге жуық спортшы қатысты. Олардың қатарында Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері де бар. Екі күнге созылған байрақты бәсекенің нәтижесінде 63 келіде өнер көрсеткен исатайлық Перизат Байтемір және 44 келіде Камила Қайрат өз салмақ дәрежелерінде ІІІ орынның тұғырынан көрініп, «Спорт шеберіне үміткер» нормативін өз деңгейінде орындады.

Спортшылардың бапкері Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо бөлімінің жаттықтырушысы Аманжол Ғалымұлы.

Жүлде құтты болсын, жерлестер!

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521