Сүйінші! Еркебұлан тағы да олжа салды

Ташкент қаласында cамбо күресінен Азия чемпионаты туын көтерген болатын.

Чемпионатта жауынгерлік самбодан "менмін" деген құрлық мықтыларының ішінде исатайлық әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еркебұлан Қуанғалиев та сынға түсті.

58 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз жаңа салмақта Азияның күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы жаңа ғана оның бапкері Асхат Жұмабековтен білдік.

- Еркебұлан алғашқы айналымда өзі ел чемпионатында есе жіберіп алған отандасымыз, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Азияның үш, Қазақстанның 5 дүркін чемпионы Нұркен Домбаевты ұтты. Одан кейін қырғыз палуанынан айласын асырып, жартылай финалда түркімен спортшысын жеңді. Ақтық сында ғана тәжік палуанына жол берді, - дейді Асхат.

Айта кетейік, Еркебұлан бұған дейін 52 келіде бақ сынап, әлемнің күмісін, Азияның, ел біріншілігінің алтындарын қанжығаға басқан болатын. Енді, міне, 58 келіде мықтылығын мойындатып отыр. Бұл, Алла қаласа, жаңа салмақта да жарқын жеңістердің ауылы алыс емес деген сөз.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521