Аймақ басшысы Тараз қаласында өткен ерлер арасында XXX ел чемпионатында топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінген «Атырау» волейбол командасын құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
- Жарқын жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл нағыз шеберлік пен командалық біртұтастық көрсеткен ойындарыңыз болды. Біз сіздермен мақтанамыз, деді Серік Шәпкенов.
Аймақ басшысы чемпионаттың үздік ойыншысы атанған 6 спортшы мен командаға алғыс хат табыстады. Ал спортшылар облыс әкіміне кубок, медаль және ойыншылардың есімі мен қолтаңбасы бар допты естелікке сыйға тартты.
Айта кетейік, жерлестеріміз 12-17 сәуір аралығында Тараз қаласында ерлер арасында XXX ел чемпионатында жеңімпаз атанды. Ақтық сында «Есіл» командасын 3:0 есебімен ұтты. Атыраулық команда араға төрт жыл салып ел чемпионы атанды.